KZ | RU
RSS-экспорт новостей

Информация

Календарь

Календарь знаменательных и памятных дат

История Казахстана

Опросы

Как Вы оцениваете работу Талдыкорганского городского архива?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно
Еще не обращались


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 72

Новости

2019 жылғы 15 наурызында «Талдықорған мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомс

Категория: Новости
Дата: 15.03.2019
Просмотры: 28 Печать страницы
2019 жылғы 15 наурызында «Талдықорған мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомс

Уақыты 15.03.2019 жыл

         2019 жылғы 15 наурызында  «Талдықорған мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстовалық архивтердің жұмысына бақылау жүргізу бөлімі қызметкерлері ұйымдастырған  «Іс  қағаздарды жүргізу қағидалары туралы» тақырыпта өндірістік оқу өтті. 

         Өндірістік оқуға Талдықорған қаласының балалақшалары және ясли-бақшалары КММ  іс жүргізу қағаздарды жүргізу мамандары қатысты.

         Өндірістік оқудын басты мақсаты іс қағаздарды жүргізу қағидалары жөнінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету болды.

         Өндірістік оқуда  ҚР Үкіметінің Қаулысы 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген: «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары», ҚР Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін», ҚР СТ 1237-2004, 1237-2001 мемлекеттік стандарттарына архивке сәйкес құжаттарды сақтау туралы ұсыныстар берілді, сонымен қатар құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары слайдтары көрсетілді.

          Қатысқан ведомстволардың дайындаған нормативтік құқықтық базасына талдау жасалды.

         Оқу барысында ведомстовалық архивтердің жұмысына бақылау жүргізу бөлімінің қызметкерлері қойылған сұрақтарға жауап берді.